Accessibility links

ҚР Сыртқы істер министрі АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады


3-5 мамыр аралығында ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин АҚШ-қа жұмыс сапарымен бармақ, — деп хабарлады ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев.

Сапар барысында Марат Тәжин АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен және басқа да АҚШ әкімшілігінің жоғарғы шенді өкілдерімен кездесіп, Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі аясындағы ынтымақтастық жөнінде пікір алысады.

Сонымен қатар ҚР Сыртқы істер министрі АҚШ-тың беделді ғылыми-зерттеу орталығы — Сыртқы саясат жөніндегі кеңесте сөз сөйлемек.
XS
SM
MD
LG