Accessibility links

Обама Пәкістанға байланысты алаңдаушылық білдірді


АҚШ президенті Барак Обама Пәкістан ядролық арсеналын исламшыл экстремистерден қауіпсіз түрде сақтауға болады екеніне сенімдімін деп мәлімдеді. Бірақ Обама Пәкістанның азаматтық үкіметінің «нәзік» болуына байланысты алаңдаушылық танытты.

Ақ үйде өткізген баспасөз маслихатында Обама Пәкістан армиясы елдің ядролық қаруының «бұрыс қолға» түсу қауіпі бар екенін мойындайтын шығар деп атап көрсетті. Теледидар арқылы көрсетілген баспасөз маслихаты Обаманың биліктегі 100 күнін атап өту үшін ұйымдастырылды.
XS
SM
MD
LG