Accessibility links

БҰҰ агенттігі доңыз тұмауына қатысты дабылын күшейтті


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы доңыз тұмауына байланысты дабылын 5-ші деңгейге көтерді. Яғни аталған вирустың ғаламдық пандемия деп жариялануына бір ғана деңгей жетпей тұр. Дабылдың 5-ші деңгейі вирустың бір аймақтың кемінде екі елінде адамнан адамға таралғанын білдіреді. Сәрсенбі күні Женевада баспасөз маслихатын өткізген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Маргарет Чан пандемияда «адамзаттың барлығы» қауіпке ұшырайды деп мәлімдеді. Оның айтуынша, әлемдегі ел үкіметтері пандемияға дайындық жоспары шараларын қолға алулары керек.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG