Accessibility links

НАТО Ресейдің 2 дипломатын Брюсселден қуды


НАТО Ресейдің 2 дипломатын Брюсселден шығаруды бұйырды. Бұл қадам эстониялық шенеуніктің қатысы бар тыңшылық дауына байланысты жасалып отыр. Британияның Financial Times басылымында жарияланған мақалаға сәйкес, әлгі дипломаттар тыңшылықта айыпталуда.

Ақпан айында Эстония соты жоғары лауазымды эстониялық шенеунік Херман Симді НАТО-ның құпия мәліметтерін Ресейге бергені үшін түрмеге жапқан болатын. Әлгі ресейлік дипломаттар Эстонияның тыңшылық оқиғасына тікелей қатысты болған емес. Ресей бұл хабарға байланысты әлі пікір білдірмеді.
XS
SM
MD
LG