Accessibility links

Ауғанстанда Германия сарбазы қаза болды


Германия қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Ауғанстанда Германия күштеріне жасалған екі шабуылдан бір неміс сарбазы қаза тауып, тоғызы жараланған. Талибанның бұл шабуылдары сәрсенбі күні Германия сыртқы істер министрінің Ауғанстанға сапары кезінде орын алды.

Министр Франк-Уалтер Штэнмайер президент Хамид Қарзаймен және тағы басқа ауған ресмилерімен келіссөз өткізген болатын. Штэнмайердің айтуынша, мұндай шабуылдарға қарамастан Германия Ауғанстандағы миссиясынан бас тартпайды.

Сонымен 2002 жылдан бері Ауғанстанда қаза болған неміс сарбаздарының саны 32-ге жетіп отыр.
XS
SM
MD
LG