Accessibility links

Гүл: Армения-Түркия келісімінен Әзірбайжан пайда көреді


Түркия президенті Абдулла Гүлдің мәлімдеуінше, Түркия мен Армения байланыстарын қалпына келтіретін келісім жасалса, бұл Әзірбайжанға пайда әкелетін болады. Сәрсенбі күні Чехия астанасы Прагаға келген Гүл Анкара мен Ереван арасындағы достық қарым-қатынастардың орнатылуы бүкіл Кафказ аймағын тұрақтандыруға көмектеседі деп атап көрсетті.

Ал Чехия президенті Вацлав Клаус өз кезегінде Чех республикасы Түркияның Еуропа Одағына мүше болуға ұмтылыстарын қолдайды деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG