Accessibility links

Британия Ирақтағы әскери операциясын аяқтады


Британия күштері Ирақтағы әскери операцияларын аяқтады. Осыған байланысты елдің оңтүстігіндегі Басра қаласында ресми шара ұйымдастырылды. 6 жылға созылған әскери операциядан кейін Британия өз күштерін толығымен Ирақтан шығаруға дайындалып жатыр. Соңғы 3700 ағылшын сарбазы мамырдың аяғына дейін еліне оралмақ.

Басрадағы ресми шарада қақтығыста қаза болған 179 ағылшын әскери қызметкері еске алынды.
XS
SM
MD
LG