Accessibility links

ЕуроОдақ серб шерушілеріне көз жасаурататын газ пайдаланды


ЕуроОдақтың Косоводағы полиция жасағы серб шерушілеріне қарсы көз жасаурататын газ қолданды. Оның бір керуеніне Косовска Митровица қаласында, бейсенбіде шабуыл жасалған болатын. Лақтырылған өрт қойғыш бомбалар мен тастардан ешкім жараланбаған еді. Дүйсенбіден бері Косово сербтері 1999 жылғы соғыста қирап қалған үйлеріне этникалық албандарды қайта кіргізбеу туралы ұран көтерген болатын. Олар Косоводағы ЕуроОдақ полициясын «фашистер» деп тілдеген ұрандар көтеріп шығысты. Косоводағы ЕуроОдақ полициясы осы шеруді таратуға және этникалық қақтығыстарға жол бермеуге тырысқан еді. Ол полицияның бірі жарақаттанған екен.
XS
SM
MD
LG