Accessibility links

АҚШ шошқа еті импортына тыйымды алуға шақырды


Құрама Штаттар Қытай мен Ресейді АҚШ-тың шошқа етінің импортына салынған тыйымды тоқтатуға шақырып отыр. Бұл аймақтан доңыз тұмауы шыққаннан кейін бірқатар елдер шошқа етін елге әкелуге шектеу енгізген.
АҚШ-тың коммерциялық хатшысы Ресей қаржы министріне жазған хатында, тұмау азық-түлік арқылы тарамайды, үкіметтің вирус қаупінен сақтануы ғылыми негізде болуы керек, бұл жағдайда сауда шектеулері болмауы тиіс деген.
Доңыз тұмауы шыққаннан бері 10 мемлекет оның ішінде Қазақстан да АҚШ-тың шошқа етін елге кіргізуге тыйым салған.
XS
SM
MD
LG