Accessibility links

2008 жылы 41 журналист өлтірілген


БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун әлемдегі бірнеше елде журналистерге қарсы шабуыл саны өте жоғары күйінде қалып отыр деді. Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күніне орай жарияланған мәлімдемеде Пан Ги Мун мырза, әлемдегі журналистерді қамауға алған үкіметтерді олардың құқын сыйлауға, тағылған айыптарына қарсы өздерін қорғауға мүмкіндік беруге шақырды.
Бас хатшының айтуынша, журналистер өз жұмыстарын ешқандай қорқытып-үркітусіз жасауы тиіс.

Журналистер құқын қорғау комитетінің деректеріне қарағанда, 2008 жылы өз жұмыстарына байланысты 41 журналист өлтірілсе, осы жылдың басынан бері 11 журналист қаза тапқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG