Accessibility links

Сомали қарақшылары кемелерді тағы басып алды


Сомали қарақшылары ішінде украиндық теңізшілері бар британдық жүк кемесін басып алды. Бұл туралы Кения астанасы Найробидегі қарақшыларға қарсы халықаралық орталықтан НАТО-ның атын атамаған өкілі хабарлады. Осының алдында франциялық AFP ақпарат агенттігі теңіз қарақшылары соңғы бірнеше сағат ішінде Иранға бара жатқан украин кемесімен қоса екі кемені ұстады деп айтқан. Кемелері ұрланған елдерден әзірге ақпарат келіп түспеді.
Үнді мұхиты мен Аден шығанағындағы Сомали қарақшыларының соңғы кезде басып алған кемелерінің саны кемінде 18-ге жетті.

AzattyqTV

Ақтаудағы аштық акциясы

Мұнайшылар депутаттарды шақырды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG