Accessibility links

Ресей жікшіл аймақтарды күзете бастады


Интерфакс агентігінің хабарына қарағанда, ресейлік сақшылар Грузияның жікшіл аймағы Абхазия мен Оңтүстік Осетия шекараларына орналасты. Оңтүстік федералды аймақтағы шекара күзетшілерінің басшысы Николай Лисинскийдің интерфакс агенттігіне айтуынша, бүгін Ресейдің шекара күштерінің бөлімшелері Оңтүстік Осетияға кіріп, шекараға жетті.
Екінші жікшіл аймақ Абхазияның қарулы күштерінің басшысы Анатолий Зайцев те ресейлік сақшылар жұмыстарын бастады деп айтты.
Ресей күзет күштерінің бұл аймаққа орналасуы өткен бейсенбіде екі жікшіл аймақ пен Мәскеу арасында жасалған келісім негізінде болып отыр. Ресейдің бұл келісімін НАТО сынаған болатын.
XS
SM
MD
LG