Accessibility links

Freedom House: ЕҚЫҰ-ын басқармақшы Қазақстанда баспасөз еркін емес


Freedom House-дың “Баспасөз еркіндігінің көрсеткіші - 2009” деп аталған зерттеуінде әлемнің 195 еліндегі еркін ақпарат алу жағдайы жайында баяндалған. Аталмыш ұйымның жылына бір рет шығатын есебінде Орталық және Шығыс Еуропа елдері мен бұрынғы Советтік респбуликаларда баспасөз еркіндігі тарылып кеткендігі айтылады.
Зерттеулер қортындысында баспасөзі – “еркін”, “жартылай еркін” және “еркін емес” деген бағандар бойынша әрбір елдегі ақпаратты тарату, интернет еркіндігіне қатысты жағдайлары баяндалады. Онда Қазақстан баспасөзіне “еркін емес” деген баға беріліп, 168 орынға қойылған. Freedom House ұйымының зерттеулер директоры Кристофер Уокер:

“Freedom House құқықтық, саяси және экономикалық саладағы баспасөз еркіндігін бағалайды. Қазақстан баспасөз еркіндігі бойынша көрсеткіште төменгі деңгейде тұр. Қазақстан прлюрализмнің шектелуі салдарынан “еркін емес” ел ретінде бағаланды. Әсіресе, халықаралық хабар таратуда. Сондықтан біз Қазақстанның ақпарат саласын әлсіз деп таптық”- деді.

Қазақстандағы баспасөз бостандығының соңғы жылдары тым шектеліп кеткені алаңдаушылық тудырады деген Уокер, мұның өзі елдің ЕҚЫҰ-на төрағалықты алайын деп отырған кезеңінде екеніне назар аударады:

“Негізінде біз соңғы бірқатар жылдарда елдегі баспасөз жағдайының төменге кеткен бағытын байқадық. Бұл алаңдатарлық жағдай. Әсіресе, Қазақстан ЕҚЫҰ-ны төрағалықты алайын деп отырғанда. Біз бұл тұста көбірек дамуларды көреміз деп ойлаған едік. Бірақ соңғы жылдарда біз оны байқай алмадық”.
XS
SM
MD
LG