Accessibility links

Мексикада доңыз дертінен қаза тапқандар саны өсе түсті


Мексиканың денсаулық сақтау министрі Жозе Кордованың хабарлауынша, доңыз тұмауын жұқтырғандар саны 473-ке жетіп, вирустан 19 адам көз жұмды.
Сенбі күні дертті жұқтырғандар 454, қаза болғандар 16 –ға жетті деп айтылған.
Және де осының алдында денсаулық сақтау мамандары эпидемия тұрақтала бастады деп хабарлаған болатын. Бірақ ең ауыр кезең әлі өтпегенін де ескерткен еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG