Accessibility links

АҚШ, Мексика президенттері доңыз тұмауын талқылады


Құрама Штаттар президенті Барак Обама мен Мексика президенті Фелипе Кальдерон сенбі күні доңыз тұмауының таралу жолдарын 20 минуттай телефон арқылы талқылады.
Дерттің ошағы болып отырған Мексикада доңыз тұмауы өсіп барады, 19 адам осы дерттен көз жұмды.
АҚШ-та бұл дертті жұқтырғандар 21 штатқа тарап, жалпы саны 160-қа жетіп, бір сәби шетінеп кетті.
Дүниежүзілік денсаулақ сақтау ұйымының дерегіне қарағанда, әлемнің 18 елінде 600-ден аса адам осы жұқпалы ауруға шалдығып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG