Accessibility links

Ирақта екі американдық сарбаз мерт болды


АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, Ирақтың солтүстігінде екі АҚШ әскері қаза тапты. Оларға Мосул қаласында ирақтық армия сарбазының киімін киген бір адам оқ жаудырған.
Екіжақты атыста шабуылдаушы да қаза тапты. Тағы үш американ әскері жараланды.
Бұл қақтығыс сәуір айындағы құрбандардың есебі жарияланған күні болып отыр. Өткен айда 355 ирақтық қаза тапса, оның 300-ге жуығы бейбіт тұрғындар болған. Сонымен қатар сәуір айында мерт болған АҚШ күштерінің саны кемінде 18-ге жеткен.
XS
SM
MD
LG