Accessibility links

Ақпараттық ұйымдар журналистерді босатуға шақырды


3-ші мамыр Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күніне байланысты ақпарат өкілдерінің құқын қорғайтын “Шекарасыз репортерлер” тобы бүгінде үкіметтерді қамауда отырған үш журналист әйелді босатуға шақырды. Олар АҚШ-қа тыңшылық жасады деген айыппен 8 жылға сотталып, Теһран абақтысында отырған американ журналисі Роксана Сабериді босатуға шақырған.
Сонымен қатар журналистер құқын қорғаушы топтар Солтүстік Кореяда қамауда отырған екі американдық журналист Юна Ли мен Лора Лингті Пхеньян билігінен босатуды сұрады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG