Accessibility links

Freedom House: ЕҚЫҰ-ын басқармақшы Қазақстанда баспасөз еркін емес


Freedom House-дың “Баспасөз еркіндігінің көрсеткіші - 2009” деп аталған зерттеуінде әлемнің 195 еліндегі еркін ақпарат алу жағдайы жайында баяндалған. Аталмыш ұйымның жылына бір рет шығатын есебінде Қазақстан баспасөзіне “еркін емес” деген баға беріліп, 168 орынға қойылған. Freedom House ұйымының зерттеулер директоры Кристофер Уокер Қазақстандағы баспасөз бостандығының соңғы жылдары тым шектеліп кеткені алаңдаушылық тудырады дей келе, мұның өзі елдің ЕҚЫҰ-на төрағалықты алайын деп отырған кезеңінде екеніне назар аударады:

“Негізінде біз соңғы бірқатар жылдарда елдегі баспасөз жағдайының төменге кеткен бағытын байқадық. Бұл алаңдатарлық жағдай. Әсіресе, Қазақстан ЕҚЫҰ-ны төрағалықты алайын деп отырғанда. Біз бұл тұста көбірек дамуларды көреміз деп ойлаған едік. Бірақ соңғы жылдарда біз оны байқай алмадық”.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG