Accessibility links

Бакудегі атысқа қатысты күдікті ұсталды


Әзірбайжан прокуратурасы өткен аптада бір қарулының Бакудегі мұнай Академиясында оқ жаудырып, 13 адамның өмірін қиған шабуылына қатысы бар деген күдіктіні қамауға алды. Интерфакс-Әзірбайжан агенттігі хабарлағандай, бүгін прокуратура ресмилері шабуылдаушы 29 жасар Фарда Гадировтың досы Надир Алиев деген азаматтың да бұл қылмысқа қатысы бар деп, айып тағылып отырғанын айтты.
Гадиров 30-шы сәуірдегі шабуылы кезінде өзін атып өлтірген. Оның студенттерге қарсы оқ атуына не себеп болғаны әлі белгісіз қалып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG