Accessibility links

Ауғанстанда бомба жарылысы екі сәбидің өмірін қиды


Бүгін Ауғанстанның оңтүстігіндегі полицияның аудандық басштабына қойылған бомба жарылып, ішінде екі бала бар төрт адам қаза тапты. Хельманд провинциясындағы Герешк ауданында болған бұл жарылысқа жауапкершілікті талибан бүлікшілері алып отыр.
Полиция өкілінің айтуынша, тағы жеті кісі жараланған.
Бұл оқиға сенбі күні Ауғанстанда екі латвиялық, үш американ және үш ауған жауынгері қаза болған жағдайдан соң болып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG