Accessibility links

Иран: АҚШ журналисінің ісі әділ қаралады


Иран сыртқы істер министрі Манучир Моттаки Теһранға сапармен келген жапондық әріптесін Иранда түрмеде отырған американ журналисінің апелляциялық шағымы әділ қаралатын болады деп сендірді.
Моттакидің айтуынша, журналист Роксана Саберидің арызы адамшылықпен және әділетті түрде қайта қаралады.
Иран сыртқы істер министрі бұл туралы сенбі күні Жапония сыртқы істер министрі Хирофуми Накасонемен бірге өткізген баспасөз мәслихатында айтты. Жапония сыртқы істер министрі Теһрандағы кездесуінде, тегі иран американдық журналист, анасы жапон Роксана Саберидің тағдырына алаңдаушылық танытқан болатын.
Сабери АҚШ-қа тыңшылық жасады деп 8 жылға сотталған.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG