Accessibility links

Жатақхана тұрғындары күштеп шығарылуы мүмкін


Бүгін Алматы қаласындағы Жетісу ауданының №2 сотында Фурманов көшесі 28 үйде орналасқан №1 автобазаның бұрынғы жатақханасындағы тұрғындарды күштеп шығаруға қатысты сот шешімі шығуға тиіс.

Бұл туралы Азаттыққа хабарлаған наразы топтың өкілі Жанат Ишанованың айтуынша, аталған мәселе бойынша жаңа сот процесі Бас прокурордың сот шешіміне қарсылығына сәйкес өткізілмек. Жатақханадан күштеп шығарылған 4 отбасы қазіргі уақытта далада тұрып жатыр.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 2002 жылдың аяғында аталмыш автобус паркінің басшысы Исахан Иманбеков қала әкімшілігінен рұқсат алып, «Каспий» банкінен несие алу үшін жатақхананы кепілдікке қойған. Бірнеше жыл өтіп, парк таратылған соң, «Каспий» банкі бұл жатақхананы аукционға шығарып, тиісті бағасына сатып жібереді. Осы кезге дейін қолдан қолға бірнеше рет сатылған жатақханадан орын алған қарапайым тұрғындарды ешкім мазаламаған. Аталған дау жатақхананы «Файнекс корпорейшен ЛТД» компаниясы сатып алғаннан кейін ғана барып басталған.
XS
SM
MD
LG