Accessibility links

Гейтс: АҚШ-тың Иранға қатысты дипломатиясы Араб елдеріне қауіпті емес


АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс Вашингтонның Иранға қатысты дипломатиялық әрекеті Араб мемлекеттерімен арадағы байланыстарға қауіп төндірмейді деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Сауд Арабиясы мен Мысыр жетекшілеріне айтпақшы. Таяу Шығысқа аттанған Гейтс журналистерге берген сұхбатында АҚШ-тың Иранмен араласуға бағытталған талпыныстарына байланысты аймақта алаңдаушылықтар бар деп атап көрсетті. Алайда егер Иран ешқандай әрекет жасамаса АҚШ әкімшілігі де соған сай әрекет ететін болады деді Гейтс.

АҚШ қорғаныс министрі бүгін Қайырға барады. Ал сейсенбі күні ол Сауд Арабиясына аттанады.
XS
SM
MD
LG