Accessibility links

Тәжин АҚШ ресмилерімен кездеспек


Қазақстан сыртқы істер министрі Марат Тәжин Вашингтонда Обама әкімшілігінің мүшелерімен кездесіп, екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастық мәселесін талқылайды. Вашингтондағы қазақ елшілігінің айтуынша, дүйсенбі күні Тәжин АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джеймс Джонспен, ал сейсенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен кездеспек. Бұл туралы Итар-Тасс ақпарат агенттігі хабарлады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG