Accessibility links

Алматыда жоғалған қызды өлтірді деп күдіктелген адам ұсталды


Алматыда өткен айда қалалық зиратта жоғалып кеткен бүлдіршін қызды өлтірді деген күдікпен 19 жастағы азаматты полицияның ұстағаны хабарланды.

«Күдікті қылмысты пайдақорлық мақсатта жасағанын мойындады. Қыздың сырғасы күдіктінің тәтесінен табылды, сырғаны ол қызды өлтірген соң тәтесіне сыйлаған», - деді дүйсенбі күні брифингте Ішкі істер министрлігінің қылмыстық полиция комитетінің төрағасы Сұлтан Күсетов.

27 сәуірде Алматыдағы №3 зиратта қоқыстың астында жатқан кішкентай қыздың мәйітін туысының моласына келген бір әйел кездейсоқ тауып, полицияға хабар берген.

Сәуір айының 19-ында Алматыда №2 зираттың аумағына інісі, сіңлісі және көрші балалармен бірге тамақ іздеп келген жеті жастағы Әсел Расулова сіз-түссіз жоғалып кеткен болатын.
XS
SM
MD
LG