Accessibility links

Пәкістан ресмилері Суат жазығы тұрғындарының мекендерін тастап шығуларына шақыруда


Талибанның бақылауындағы бұл аймақта ол күштерге қарсы үкімет әскері тарапынан шабуыл болуы мүмкін деген де болжам бар. Аймақ ресмилері халықтың бас сауғалап шығып кетуіне жағдай жасау үшін коменданттық сағатты алып тастады. Демек Пәкістан үкіметі мен Талибан қозғалысы арасындағы бейбіт келісім тағы да жүзеге аспай қалуы мүмкін дейді сарапшылар.

Батыс елдері бұл бейбіт келісімді ресми Исламабадтың экстремистерге тізе бүгуі деп бағалауда. Пәкістан әскери тұлғалары «бейбіт келісімді өрескел бұзды» деп Талибанды айыптауда.

Осы аталған мәселелер Пәкістан президенті Асиф әли Зардари мен АҚШ президенті Барак Обаманың сәрсенбіде, Вашингтонда болатын кездесуінің басты тақырыбы болмақшы.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG