Accessibility links

АҚШ Назарбаевтың ядролық отын банкін орналастыру бастамасын қолдайды


ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин Вашингтонға барған сапары кезінде АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі, генерал Джеймс Джонспен және энергетика министрі Стивен Чумен келіссөздер жүргізді.

Келіссөзге қатысушылар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет аумағында халықаралық ядролық отын банкін орналастыру туралы бастамасын талқылады.

Дж.Джонс ядролық отын банкін орналастыруды жүзеге асырудың әлемдік қауымдастық үшін тиімділігі зор деген пікірде.

Марат Тәжиннің Стивен Чумен кездесуінде ғаламдық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ядролық қаруды таратпау тәртібін нығайту сияқты мәселелер қозғалды.

ҚР Сыртқы істер министрі американдық тарапқа энергетика саласындағы серіктестік жөнінде үкіметаралық комиссия құруды ұсынды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG