Accessibility links

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев күзде Италияға барады


ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылдың күзінде мемлекеттік сапармен Италияға барады. Бүгін алдағы сапарға дайындық барысын Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев пен Италия Сыртқы істер министрінің орынбасары Альфредо Мантику талқылады.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, талқылаушы тараптар Н.Назарбаевтың сапары мен Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне дайындық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылаған.

XS
SM
MD
LG