Accessibility links

АҚШ елшісі: Пәкістан талибанмен күресте міндеттемесін орындау керек


Құрама Штаттардың Ауғанстан мен Пәкістан бойынша арнайы өкілі Исламабад талибан және оның жақтастарымен күресінде өз міндеттемесін көрсету керек деді.
Ричард Холбруктың айтуынша, АҚШ Пәкістанның қолдауынсыз Ауғанстандағы мақсаттарына жете алмайды.
Холбрук бұл туралы Ауғанстан мен Пәкістан президенттерінің бүгін Вашингтонда өтетін келіссөздері алдында айтып отыр.
Хамид Қарзай мен Асиф Али Зардари АҚШ президенті Барак Обамамен кездеседі.
Құрама Штаттар ресмилері Пәкістанның солтүстігіндегі Суат жазығында талибан бүлікшілерінің күшейіп отырғанына алаңдаушылық танытты.
Сейсенбі күні Пәкістан билігі Суат жазығында үкіметтік күштер мен талибан жасақтары арасында тағы шайқастар болу мүмкіндігін ескерткен соң, бұл аймақтағы мыңдаған адам басты қаланы тастап шыққан
XS
SM
MD
LG