Accessibility links

Клинтон Армения және Әзірбайжан өкілдерімен кездесті


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Әзірбайжан және Армения өкілдерімен жеке-жеке кездесуінде, энергетикалық, қауіпсіздік мәселелерін, Таулы Қарабақ аймағының жағдайын талқылады.
Клинтон ханым бірінші Армения сыртқы істер министрі Эдуард Налбандианмен кездесіп, одан кейін Әзірбайжан сыртқы істер министрі Эльмар Мамадияровпен келіссөздер өткізді.
Әзірбайжан Түркияның Армениямен келіссөздеріне алаңдап отыр. Өткен айда Түркия мен Армения ортақ шекараларын ашып, байланыстарын жақсартатын “жол картасы” келіссөздерін жүргізген.
XS
SM
MD
LG