Accessibility links

Вольфганг Морингер: Мұхтар Әлиев Венадан кеткен жоқ


Австриядағы бұрынғы елші Рахат Әлиевті Қазақстанға экстрадициялау жөніндегі мәселеде Қазақстан мүддесін қорғайтын адвокат Вольфганг Морингердің ҚазТАГ агенттігіне айтуынша, Мұхтар Әлиев Венадан ешқайда кеткен жоқ. Оның айтуынша, үлкен Әлиев қазір Австрия астанасында отыр.
Ал осыған дейін академик Мұхтар Әлиевтің өзі баласы Рахат Әлиевке қарсы мәлімдеме жазардан бұрын, Венадағы Қазақстан елшілігі өзіне қандайда бір дәрі бергенін айтқан.
Бұған байланысты Вольфганг Морингер, егер ондай мәлімет шындығында болған болса, оған тыңғылықты тергеу қажет деген.
Және Вольфанг бұл жанжал Қазақстан мен Австрия байланысына көлеңкесін түсірмейді деді.
Венадағы Қазақстан елшілігі бұл оқиғаға қатысты Азаттыққа берген сұхбатында, Мұхтар Әлиевке елшілік дәрі берген жоқ деді.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG