Accessibility links

Швецияда елшілік ғимаратын өртеуге әрекет жасаған адам ұсталды


Швед полицейлері осы мемлекетте орналасқан Сауд Арабиясы елшілігінің ғимаратын өртеп жіберуге әрекет жасаған адамды тұтқынға алды, — деп хабарлайды Associated Press.

Стокгольм полициясының спикері мәлімдегендей, ғимаратты өртемекші болған адамның аты-жөні белгілі, ол елшіліктің есігі алдындағы көліктерді өртеп, есіктерге жанғыш сұйықтық құюды бастай бергенде қолға түскен.

Бұл оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Тұтқындалушыға айып тағылды. Енді оның бұл әрекетке неліктен барғанының себебі анықталуда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG