Accessibility links

Түркияда халықаралық журналистер конгресі басталады


Ертең Жерорта теңізіндегі Кемер қаласында халықаралық журналистер конгресі басталады. «Журналистика мен медианарық» тақырыбын талқылауға арналған бұл конгреске қатысатын қазақстандық журналистер бүгін Түркияға барды.

Шараның ұйымдастырушылары ЮНЕСКО мен Халықаралық журналистер федерациясы. Жиын барысында әлемдік журналистиканың өзекті проблемалары, репортерлердің қауіпсіздігі мен кәсіби ынтымақтастық мәселесі сөз болмақ.
XS
SM
MD
LG