Accessibility links

«Қазақтелеком» АҚ мерекеге орай жеңілдіктер жасамақ


«Қазақтелеком» АҚ Жеңіс күні мерекесіне орай бүгіннен бастап 11 мамырға дейін постсоветтік мемлекеттермен халықаралық байланыстарға және қаларалық телефон қоңырауларына жеңілдіктер жасамақ.

Сағат 22 ден 8 –ге дейін Әзірбайжан, Беларуссия, Латвия, Литва, Молдова, Ресей, Украина, Эстония, Түркіменстан сияқты елдермен байланысқа 25% жеңілдік берілсе, .
Армения, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанға шалынатын қоңырауларға жеңілдік 35%.

Ал осы күндері қаларалық телефон қоңырауларына түнгі 12 ден таңғы 3-ке дейін 15% көлемінде, 3 тен 6 –ға дейін 60% жеңілдік беріледі. Сондай-ақ 9 мамырға дейін ТМД елдеріне жеделхат жолдауға 50% жеңілдік жасалады.
XS
SM
MD
LG