Accessibility links

Алматы қаласының әкімі ардагерлер мен мәдениет қызметкерлеріне пәтер кілттерін табыс етті


Қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматы қаласы әкімдігінің «Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне байланысты қала әкімінің мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтерлер бөлу туралы» 05.05.2009 жылғы №4/293 қаулысына орай және ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 67,68 баптарына сәйкес тұрғын үй алу кезегінде есепте тұрған Қазақстан Республикасы Қарулы күштері мен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және оларға теңестірілгендерге, интернационалист - жауынгерлерге, Чернобыль АЭС-сы апатының залалын жоюға қатысқандарға тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында қала әкімінің мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтерлер бөлу туралы қаулы қабылданды.

Аталмыш қаулы бойынша Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов ардагерлер мен мәдениет қызметкерлеріне пәтер кілттерін табыс етті. Пәтерге ие болған өнер адамдарының ішінде Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік опера және балет театрының, М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық театрының, Ғ.Мүсірепов атындағы жастар театрының, Мемлекеттік қуыршақ театрының, Н.Сац атындағы жастар театрының, К.Кужамьяров атындағы республикалық ұйғыр музыка театрының, республикалық неміс драма театрының, республикалық корей музыкалық комедия театрының әртістері бар.
XS
SM
MD
LG