Accessibility links

Ресей президенті Дмитрий Медведевтің инаугурациясына бір жыл толды


Бүгін Ресей президенті Дмитрий Медведев өз инаугурациясының бір жылдығын атап өтуде, — деп хабарлайды РИА Новости. Осыған дейін ол 26 мемлекетке сапар шегіп, федерация субъектілерінің 15 басшысын ауыстырған.

«7 мамыр президент үшін әдеттегідей жұмыс күні. Бұл күні ол Совет одағының батырлары — соғыс ардагерлерін қабылдайды және бірқатар жұмыс бабындағы кездесулер өткізбек» , — деп хабарлады Ресей президентінің баспасөз хатшысы Наталья Тимакова.

Наталья Тимакованың мәліметінше, осы уақыт аралығында Дмитрий Медведев шетелдерге барған сапарында 110 әңгімелесу мен кездесу өткізген, сондай-ақ 145 рет шет мемлекеттердің басшыларымен телефон арқылы сөйлескен. Сондай-ақ бұған дейін орталықтағы БАҚ-тарға сұхбат беріп жүрген президент бұл жұмысын Ресейдің аймақтарындағы журналистермен бірлесе жалғастыруды жоспарлауда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG