Accessibility links

Сергей Лавров:РФ мен АҚШ президенттері кездесулерінің нақты күні жақында жария етіледі


Ресей президенті Дмитрий Медведев пен АҚШ президенті Барак Обаманың осы жылдың шілде айына белгіленген кездесулерінің нақты күні жақын арада жария етіледі, — деп хабарлады РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

РФ мен АҚШ сыртқы саясат ведомстволарының басшылары президенттер тапсырмаларын орындау жолында жүргізген келіссөздердің табысты өткенін айтты.

«Бүгін біз осы жылдың шілде айында Мәскеуде өтетін саммитке дайындық тұрғысынан тапсырмалардың орындалу барысын егжей-тегжейлі талқыладық және жақында бұл шараның нақты мерзімін жариялауға келістік», — деді С.Лавров.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG