Accessibility links

Тәжікстан соты Ауғанстанның екі азаматын 24 жылға соттады


Тәжікстанның Жоғарғы соты Ауғанстанның екі азаматын заңсыз қару алып жүргені мен шекараны ірі көлемдегі контрабандалық есірткіні алып кесіп өткені үшін айыпты деп танып, 24 жылға бас бостандықтарынан айырды, — деп хабарлайды РИА Новости.


Сот төрешісі Анвар Ахмадовтың айтуынша, сотталғандардан 84 килограмм есірткі, екі Калашников автоматы мен 300 патрон алынған.
XS
SM
MD
LG