Accessibility links

Пәкістанда бүгін 12 қарулы өлтірілді


Пәкістан әскерінің әуе күштері қарулылар бақылауындағы Суат жазығында Талибан бекіністерін бомбалаған болатын. Елдің солтүстік-батысында, осылайша, қарулыларға қарсы шабуыл одан әрі жалғасуда. Ресмилердің айтуынша, бұл шабуылға әскери тікұшақтар, қырғиұшақтар және жаяу әскер жұмылдырылған. Аймақтағы қарулылар мен лаңкестерді жою әскерилерден сұралды, деді Пәкістан үкімет басшысы бейсенбі күні.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG