Accessibility links

Жатақханадан күштеп шығарылғандар қазаншұңқырда наразылық акциясын өткізуде


Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бүгін №1 автопарк жатақханасының тұрғындары Фурманов пен Райымбек даңғылы бойында наразылық акциясын өткізіп, кейбіреулері сол маңдағы қазаншұңқырға кіріп алған.

«Біздің үйімізді жекешелендіруге бермей жатыр. Храпуновтың группасы сатып алған. Жер өте арзан бағамен сатылып кеткен. Сот шешіміне сәйкес бізді үйден шығаруда. Біз соған қарсылық ретінде осы жерде отырмыз. 8 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр, біз егер далада қалсақ, тура осындай күн кешеміз» — дейді қазаншұңқырдың ішінен жауап берген жатақхана тұрғыны Жанат Ижанова.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, мамырдың 4-і күні Жетісу аудандық соты №1 автопарк жатақханасындағы 24 отбасын күштеп көшіру туралы шешім шығарған еді.
№1 автобус паркіне қараған № 1 жатақхана соңғы 5-6 жылда бірнеше қожайын ауыстырған. 2002 жылдың аяғында аталмыш автобус паркінің басшысы Исахан Иманбеков қала әкімшілігінен рұқсат алып, «Каспий» банкінен несие алу үшін жатақхананы кепілдікке қойған екен.

Арада бірнеше жыл өтіп, қалалық №1 автобус паркі таратылған соң, «Каспий» банкі бұл жатақхананы аукционға шығарып, тиісті бағасына сатып жібереді. Айналдырған 2-3 жылдың ішінде №1 жатақхана қолдан қолға бірнеше рет сатылған. «Файнекс корпорейшн ЛТД» компаниясы аталмыш жатақхананы сатып алғаннан кейін ғана барып, тұрғындар мен оның басшыларының арасында дау басталған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG