Accessibility links

АҚШ-Ресей байланыстары жақсарады деп сенеді Обама


АҚШ президенті Барак Обама Ақ үйде, бейсенбі күні Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуінен кейін қос ел қарым-қатынастарын көптеген салалар бойынша жақсартудың мүмкіндіктері бар деді. Қос ел қазір ядролық қаруларды азайтудың жаңа келісімін әзірлеу үстінде. Лавров сондай-ақ АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен де кездесті. Лавровтың бұл барысы Обаманың Ресейге шілдеге жоспарланған сапары алдында орын алып отыр. Обама Мәскеуде Ресей президенті Дмитрий Медведевпен кездеспекші.
XS
SM
MD
LG