Accessibility links

Қарзай АҚШ әуе шабуылдарын тоқтатуды талап етті


Ауғанстан президенті Хамид Қарзай АҚШ-ты елдегі әуе шабуылдарын тоқтатуға шақырды. Мұндай шабуылдардан көптеген қарапайым адамдар құрбан болуда дейді Қарзай. Бұл туралы ол жұма күні CNN телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Қарзай әуе шабуылдарын қабылдауға келмейді деп сипаттап, бұл лаңкесттікпен күресте тиімді жол емес деп атап көрсетті.

АҚШ-қа сапары барысында Хамид Қарзай сондай-ақ президент Барак Обамамен және мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтонмен келіссөз өткізді.
XS
SM
MD
LG