Accessibility links

АҚШ пен Румыния ұйымдасқан қылмыспен күресуге келісті


Румыния сыртқы істер министрі Кристиан Диаконеску мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон ұйымдасқан қылмыспен күрес туралы екі ел арасындағы ынтымақтастық келісімдерін жасады. Диаконеску мен Клинтон заңды көмек пен экстрадиция мәселесіне қатысты келісімдерге жұма күні Вашингтонда мемлекеттік департаментінде қол қойды.

Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Румыния сыртқы істер министрі Вашингтондағы келіссөздерде сондай-ақ румыниялық Константа қаласындағы жобаларға қатысты АҚШ инвестициясы туралы сөз болды деген. Бұл аймақта АҚШ табиғи газ терминалын құруға көмектесуде.
XS
SM
MD
LG