Accessibility links

Рим папасының Таяу Шығысқа сапары жалғасуда


Папа Бенедикт XVI христиандар мен еврейлер арасындағы достық қарым-қатынастарды орнатуға шақырды. Таяу Шығысқа сапармен барған Рим папасы сондай-ақ ислам дініне үлкен құрмет көрсетті. Бенедикт Иорданияның мұсылман жетекшілеріне дін бірігу күші боп табылады деп айтты. Аммандағы Әл-Хуссейн мешітінде сөз сөйлеген Рим папасы барлық адамдарды Құдай жаратқан деп атап көрсетті.
Католиктер шіркеуінің басшысы Бенедикт XVI Рим папасы ретінде Таяу Шығысқа алғашқы рет сапармен барып отыр. Бір аптаға созылатын сапары барысында ол сондай-ақ Израиль мен Палестина жерлеріне барады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG