Accessibility links

Даулы жатақхана тұрғындарының қорғаушысы тұтқындалып, босатылды


Ішкі істер министрлігінің Жетісу ауданы департаментінің қызметкерлері Жалпыұлттық социал демократиялық партиясы төрағасының орынбасарын тұтқындады. Фурманов көшесіндегі жатақхана тұрғындарының қоғамдық қорғаушысы боп табылатын Әмірбек Тоғысов Жетісу аудандық сотының шешімімен келіспейтіндігін айтып, баспасөз маслихатын өткізбекші болған еді. Тоғысовтың қамауға алынғаны жөніндегі мәліметті аталған партияның баспасөз қызметі хабарлады. Сенбі күні Азаттық радиосы Тоғысовпен байланысқан кезде, ол өзінің босатылғанын және әкімшілік сотқа тартылатынын айтты.

Сот №1-ші автопарк жатақханасындағы 24 отбасын күштеп көшіру туралы шешім шығарған болатын.
XS
SM
MD
LG