Accessibility links

Грузия оппозициясы президентпен кездесуді қалайды


Грузия оппозициясы президент Михаил Саакашвилимен тікелей келіссөз өткізгісі келетінін хабарлады. Бұл әрекет елдегі толқуларға алып келуі мүмкін болған бірайлық наразылық шараларын тоқтату мақсатында жасалмақшы. Жұма күні оппозиция өкілдері парламент спикері Давид Бакрадземен кездесті. Енді олар президентпен тікелей жүздесуді талап етуде. Сәуірдің 9-да шерулерін бастаған оппозиция Саакашвилиді демократиядан алшақтады деп айыптауда.
XS
SM
MD
LG