Accessibility links

АҚШ Өкілдер палатасының спикері Ирақта


АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси күтпеген жерден Бағдадқа барды. Ирақ үкіметінің баспасөз хатшысы Али әл-Даббағтың хабарлауынша, Пелоси премьер-министр Нури әл-Маликимен және тағы басқа ресмилермен келіссөз өткізбек.

Ирақ астанасындағы АҚШ елшілігінің айтуынша, Пелоси сондай-ақ АҚШ ресмилерімен және американдық күштермен кездеседі. Өкілдер палатасының төрайымы Ирақта осыдан бір жыл бұрын болған еді.
XS
SM
MD
LG