Accessibility links

Ауғанстандағы жарылыстан 10 жұмысшы қаза болды


Ауғанстанның шығысында орын алған жарылыстан құрылыс компаниясында жұмыс істейтін 7 адам қаза тапты. Нангархар өлкесі әкімінің баспасөз хатшысы Ахмад Зиа Абдулзайдың айтуынша, әлгі жұмысшылар Пәкістанмен арадағы шекаралық аймаққа бара жатқан жолда Хаскамина ауданында бомба жарылған.

Сонымен қатар елдің оңтүстігіндегі Забул өлкесінде тағы бір жарылыс орын алып, 3 адам опат болған. Жексенбі күнгі шабуылдарға байланысты жауапкершілікті ешбір топ өз мойнына алмады бірақ оларды Талибан бүлікшілері жүзеге асырған болуы мүмкін.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG