Accessibility links

Грузияда оппозициялық шерулер жалғасуда


Мыңдаған наразылық танытушылар Грузия астанасы Тбилисиде шеру өткізді. Бір аптаға созылған наразылық шараларынан кейін оппозиция жетекшілері президент Михаил Саакашвилимен тікелей кездесуді талап етті.

20 мыңға жуық оппозиция қолдаушылары парламент ғимараты алдында жиналып, Саакашвилиді қызметінен кетуге шақырды. Жұма күні үкімет пен оппозиция басшыларының елдегі саяси шиеленісті шешуге бағытталған келіссөздері сәтсіздікке ұшырады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG