Accessibility links

Ауған студенттері АҚШ шабуылына наразылық танытты


Ауғанстан астанасы Кабулда жүздеген студент жиналып, АҚШ-тың әуе шабуылдарына байланысты наразылық танытты. Ресмилер өткен аптадағы АҚШ әуе шабуылдарынан 100-ден аса қарапайым адам қаза тапты деп отыр. Шеру өткізген студенттер Америкаға қарсы үндеулер айтты. Олар сондай-ақ қарапайым тұрғындардың өліміне себеп болғандар жауапқа тартылуы тиіс деп атап көрсетті.

Жұма күні Ауғанстан президенті Хамид Қарзай АҚШ-ты елдегі әуе шабуылдарын тоқтатуға шақырды.
XS
SM
MD
LG